“Қазгеология” АҚ Басқарма төрағасының орынбасарын 60 жас мерейтойымен құттықтау

0
100

Құрметті Қадыржан Әміржанұлы!

Сізді 60 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған Сізді жұртшылық  саналы ғұмырын Қазақстан геология саласының дамуына арнаған көрнекті геолог маман ретінде таниды.

Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде Қазақстан геологиясының қыр-сырын терең игеріп, осы саладағы қызметтің не бір асқаралы асуларынан асып, жинаған абырой-беделіңіз іс жүзінде ұшан теңіз дерлік.

Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Бұдан әрі де не бір биіктерге көтеріліңіз, қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз әрқашанда арта берсін!

Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болсын!

Ізгі ниетпен,

«Қазгеология» АҚ ұжымы