8 наурыз құтты болсын

0
85

Құрметті ханымдар!
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.
Осынау жарқын мереке күні деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат, мәңгілік жастық алауын, шынайы сүйіспеншілік шуағы мен әсемдік тілеймін! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.

Ізгі ниетпен,
«Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасы
Ғалым Нұржанов