Аса көрнекті ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 12 сәуірде 120 жыл толды

Бүгін  аса көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының алғашқы президенті   Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына120 жыл толды. 

Академиктің туған күні бүкіл Қазақстаннан келген геологтар мен ғылым қайраткерлері  Алматыдағы оның ескерткішіне гүл дестелерін қою рәсімі өткізіліп, оған «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдыгалимов қатысты.

Биылғы жылы  Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰИТУ-ға 85 жыл толады. Университетті атаулы күнмен құттықтап,  А.А. Абдыгалимов Қазгеологияда осы жоғары оқу орнының  22 түлегі жұмыс істейтінін атап өтті.

Олардың әрқайсысы өз кәсібінде табысқа жетуі үшін білім берген университетке өздерінің алғыстарын әрқашанда жадында, жүрегінде сақтайды .

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰИТУ-ға 85 жыл толуын мерекелеу барысында  «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдыгалимов университетке  ұдайы жоғары рейтингтер, беделі мен бәсекеге қабілетінің артуын тіледі.