Геология жөніндегі сарапшылық кеңестің 1-ші отырысы өтті

2019 жылғы 23 шілдеде  «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдрашевич ​ Абдыгалимов, компанияның бас геологы Берікбол Серікбайұлы Хамзин және Басқарма Төрағасының кеңесшісі Мұрат Ашметұлы Сайдуақасов Геология жөніндегі сарапшылық кеңестің 1-ші отырысына қатысты.

Кеңес Экология, геология және табиғи ресурстар министрі  М. М. Мырзағалиевтің басшылығымен өтті.

Кеңеске қатысушылар құрамы кең болғанын атап өту қажет: оған  Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамы, Геология өндірістік ұйымдары қауымдастығы, KAZRC қауымдастығы, ғылыми мекемелер – Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты  мен У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты, сондай-ақ «Қазмұнайгаз» ҰК»  және «IntellegentConsultingSolutions” ЖШС өкілдері қатысты .

Ең маңызды, өзекті әрі көкейкесті мәселелердің зор ауқымы талқыланды.

Кеңестің барысында Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Төрағасы А.А. Надырбаев геология саласын дамытуға бағытталған шаралар кешені туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, геологиялық қоғамдық бірлестіктер басшылары Б. Қуандыков, Г. Баймаханова, М. Әбсәметов сөз сөйледі.

Кеңеңс отырысы сындарлы сипатта өтіп, саланы одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзірленетін осындай кезедсулерді тұрақты негізде өткізу туралы шешім қабылданды.

Министр Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Төрағасы айтқан нақты ұсыныстар ескерілетін негізгі бағыттарды айқындады.