Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жауапты хатшысы “Қазгеология” АҚ-та болды

2019 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жауапты хатшысы Мереке Құдайбергенұлы Пшембаев «Қазгеология» АҚ-та болды.

Кездесуге Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы А.А. Надырбаев және ИИДМ салалық әрі стратегиялық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Жауапты хатшыКомпания қызметімен және оның негізгі қаржылық, өндірістік көрсеткіштерімен танысты.

Бұдан басқа, ұлттық геологиялық барлау компаниясының проблемалары, сондай-ақ әлеуеттік мүмкіндіктері және оларды практикалық шешу мәселелері талқыланды.