Испан геологтарымен тәжірибе алмасып..

Біздің компания әлемдегі жетекші таукен өндіруші компаниялардың озық практикасы мен тәжірибесін біліп, өз жұмысында пайдалануға тырысады.

Таяуда біздің әріптестеріміз Испаниядан оралды, онда «Өнеркәсіптік геология және қорларды бағалау – әлемдегі жетекші таукен өндіруші компаниялардың озық практикасы мен тәжірибесі» тақырыбындағы семинарда курстан өтті.

 Қазгеология қызметкерлерінің делегациясын Басқарма Төрағасының орынбасары Е.Б. Тағаш басқарып, компаниядан Жобалау департаментінің жетекші геологы Д.М. Ракин, «Оңтүстікгеология» ӨФ директоры А. В.  Камолин, І санатты геологы  Б.М. Әбдірахманов және «Орталықгеология» ӨФ  І санатты геологы, ӨФ директорының   орынбасары Б. Ғ. Мусиева кезекті тыңдаушылар болды.

Қазақстандық тыңдаушыларға өз елінің тәжірибесі туралы Геологиялық барлау техникалық департаментінің басшысы Santiago Martin Afageme, Испания Геология және такен өнеркәсібі институты минералдық ресурстар бөлімінің бастығы Roberto Martinez Orioайтып берді.

(Институт – Ғылым,  инновациялар және  унивеситеттер министрлігі жанындағы тәуелсіз мәртебесі бар мемлекеттік ғылыми зерттеу ұйымы).

Мысалы, картография жүргізу, гидрогеология, кен орындарын әзірлеу, минералдық қорлар мен ресурстарды зерттеу, геологиялық тәуекелдер, (жерасты суларының ағыстары, жер сілкінісі, тас көшкіні, қар көшкіні, кен орындарының консервациясы және оларды жою), 3-D моделін жасау және геофизика, жобалау тақырыптары талқыланды.

-Испания геология саласындағы озық елдердің бірі. Оларда кеңінен қол жеткізуге болатын кен орындары мен кен көріністерінің 400 деректер базасы бар, біз де осыған ұмтылудамыз. Оның үстіне, бұл елде Испанияның бүкіл кен орындарынан жинап алынған керн қоймасы бар. – деп пікір бөлісті Д.М. Ракин.

Семинарға қатысқан Ресей мамандары пікірлерін білдірді.

LLC «Olympus» (г. Москва) компаниясының бас директоры Д. В. Юферов геохимия технологиялары саласындағы өз компаниясының әзірлемелері туралы айтып берді.

Осы компания XRF/XRD технологиялары желісінің басшысы консультант-геолог Е. И. Рязановақолда ұсталатын, дала жағдайында талдамалар жасайтын әрі спектр талдамасын ауыстыра алатын  XRF/XRD портативті спектрометрін, сондай-ақ  VANTA талдаушысын ұсынды. Олардың сипаттамасын, сезімталдығын, қателіктер мөлшерін айтып, әрі оларды көрсетті. Бұл аспаптар     түсті, асыл, қара, сирек металдар мен жерде сирек кездесетін элементтерге іздеу, бағалау, оларды пайдалану, арлау жұмыстарын жүргізуде әлеуеттері мол. Дәстүрлі зертханалық әдістермен салыстырғанда, әлдеқайда жылдам әрі сапасы жақсы геохимиялық деректер ұсынып, инвестициялардың жедел қайтарымын қамтамасыз етеді. Геологтарға алыстағы учаскелерде не бір ауыр жағдайларда жұмыс істеген кезде талдаушының бәріне шыдап, дәл нәтижелерді қамтамасыз ететініне көздерін жеткізді.

Одан кейін тыңдаушылардың алдында  Wardell Armstrong британ компаниясының өкілі, геология ғылымдарының докторы Ю. Черепанова сөз сөйледі. Ол қаржы тарту үшін қажет стандарттар бойынша жобалардың экономикалық ақталуын бағалау, ТЭН жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен бөлісті.

Ол бұдан басқа,ресурстарды бағалау жөніндегі есептер қалай жасалуы тиіс екені туралы айтты  (табиғи ресурстарды экономикалық жағынан орынды шығару үшін минералдық шикізат қорлары бойынша құжаттар дайындау үшін пайдаланылатын әдістер).

PERC пен CRIRSCO  өкілі, Қорлар мен ресурстар бойынша есептілік жөніндегі панеуропалық комитеттің ғалым хатшысы Mark Howson«Таукен геологиясы жүйесі туралы қазіргі заманғы түсінік. Таукен өнеркәсіптік геологиясының процестері» тақырыбында сөз сөйледі.

Қазақстан геологтары CRIRSCO кодексі және yorcстандарттары бойынша елдің минералдық ресурстарын есептеу және бақылау жүйелерімен танысты. Әріптестеріміздің бағдарламасы толыққанды болды. Олар семинар сабақтарынан басқа, Мадридтегі Испания геология және таукен өнеркәсібі институты жанындағы  Геологиялық-палеонтологиялық және  минералогиялық музейде болды. Сондай-ақ, Rio tinto кенішінде болды. Д. Ракин мұндағы керн үй-жайын атап өтті. Кеніш геологтары керн сипаттамасына арналған  электронды портативті геологиялық блокнотпен таныстырды. Блокнот деректер базасының бағдарламасымен тікелей, автоматты түрде байланыстырылған,  мұның өзі геология персоналының жұмысын жеңілдетеді.

Б. Ғ. Мусиева өзінің алған әсерлерін бөліскен кезде Испанияның қазіргі заманғы геология қызметімен танысу кезінде алған білім Қазақстанда пайдалы қазбалар қорлары мен ресурстарын есепке алу мен бақылау, оларды іздеу әрі барлау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында, компанияның өндірістік қызметін жүргізу кезінде қолданылатынын айтты.