МАЙНЕКС-те Қазгеология ҰДБ әзірлеудің аралық қорытындыларымен таныстырды

Бүгін,  «МАЙНЕКС – Қазақстан: 2019»  таукен өнеркәсібі 10-шы форумының екінші күні Қазгеология өкілі Әлібек Жұмантайұлы Ерғалиев «Қазақстан Республикасы минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі»  жобасын әзірлеудің қорытындылары туралы айтып берді.

Жоба  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының құрамына енгізілген, яғни мемлекеттік маңызы бар.

Жүйенің жұмыс істеуінің басты қағидаты – paper free – ақпаратқа құжаттарсыз мейлінше жеңіл қол жеткізу әрі оны толық көлемде беру.

Бұл үшін бүкіл мемлекеттік органдар жүйелерін біріктіру жоспарлануда.

Негізгі міндет – жер қойнауын пайдалану процестерін ашық жүргізу, геологиялық ақпаратты жинақтау және жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету.

Жобаның директоры ҰДБ тұжырымдамасы туралы айтып берді. Ол жер қойнауын пайдаланушылар үшін басым маңызы бар барлық мәселелер ескерілгенін атап өтті.

Олардың біріншісі –  цифрлық деректерге қол жеткізу, яғни геологиялық ақпарат беру.

«Онлайн – режимде қол жеткізілетін жүйе құруды жоспарлаудамыз, планетаның кез келген түкпірінде отырып, кез келген адам ақпарат алу үшін ешқайда жүгіріп, әуре-сарасаңға түспей-ақ қажетті ақпаратты алатын, оны зерттейтін және оны көшіріп алатын, одан әрі өз бетімен шешім қабылдайтын жүйе құрамыз.». – деп атап өтті Әлібек Ерғалиев.

Басым бағыттардың екіншісі –  онлайн – режимде лицензия беру, яғни кез келген адам жеке кабинетке кіріп, учаскені, қол қою бонусын таңдай алады, оның мәртебесін қадағалайды, сөйтіп бұл жүйеде мемлекет пен бизнес арасындағы бүкіл коммуникация болады. Яғни, B2G (бизнес – мемлекет)  сегменті мұнда тұтас қамтылады.

Одан әрі бүкіл геологиялық ақпарат – бастапқы да, қайталамасы да осы жүйеде сақталатын болады.

Үшінші бағыт – B2В өзара іс-қимыл жасау.

  • Бұл нені білдіреді?
  • Инвестор мен пайдаланушы арасында ортақ мүдде бар. Осы алаңда интернет арқылы олар қатынас жасап, жұмыс істей алады.