Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукейдің 70 жылдық мерейтойын атап өту – «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭБУ» ҰАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы – «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

0
12

2020 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі , қалалық әкімшілік өкілдері, университет ректораты «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭБУ» ҰАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукейді 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілі Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан құттықтау хатты оқыды:

«Отандастар Сізді білікті басшы, көрнекті ғалым, саяси-әкімшілік қызмет саласындағы парасатты азамат ретінде жақсы біледі. Сіздің табиғи байлықты қорғау, нарық экономикасы жағдайында оны тиімді әрі үнемді пайдалану жолдары және геология саласын зерттеу салаларындағы ғылыми жұмыстарыңыздың еліміз үшін зор маңызы бар. Сізге бұдан былай да елдің қоғамдық-саяси істеріне белсенді қатысып, халықтың құрметіне ие болуыңызға тілектестігімді білдіремін!» – деп жазылған құттықтауда.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және байланыс университетінің ұжымы да өз құттықтауын жолдады:

«Құрметті Серікбек Жүсіпбекұлы! Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Қоғамның Директорлар кеңесін басқара отырып, Сіз университеттің стратегиялық даму бағытын инновациялар енгізу әрі шығармашылық және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, оның бәсекелестік басымдықтарын арттыру жолына бағыттап, зор үлес қостыңыз! Осы айтулы күні Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақуатты тұрмыс пен бақыт тілейміз! Сіздің жақын жуықтарыңыз Сізге осы өмірде сенімді тірек болсын!».