Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев академик Серікбек Дәукейді “Парасат” орденімен марапаттады

Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдениетінің дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген геологы, «Қазгеология» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукейді  «Парасат» орденімен марапаттады.