Экология, геология және табиғи ресурстар министрі “Қазгеология”АҚ-та болып, жұмыс бабындағы кеңес өткізді

2019 жылғы 11 шілдеде, жұма күні  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев «Қазгеология» АҚ-та болып, жұмыс бабындағы кеңес өткізді.

Министр компания қызметімен, оның негізгі қаржылық және өндірістік көрсеткіштерімен танысты.

Сондай-ақ, кеңеске Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өкілдері қатысып, олар жалпы алғанда, геология саласының даму жоспарлары мен перспективалары туралы айтты.