Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамына 10 жыл толды!

«Қазгелогия» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдыгалимов «Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігін 10 жылдық мерейтойымен және әріптестерді Геолог күнімен құттықтады.

Компания атынан Алмаз Абдыгалимов саланың ардагерлеріне ескерткіш тартулар сыйлады.

Олар өз елін өркендету үшін көп еңбек етті.

Олардың қосқан үлесі ұшан теңіз!

Олар майталман мамандар, еңбекқор әрі жан-жақты дамыған өр тұлғалар.

Олардың өмірге, еңбекке деген көзқарасы үлкен өнеге!

«Қазгелогия» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдыгалимов әріптестерді құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақуатты тұрмыс, талмас талап, таусылмас жігер, жаңа ашылымдар ашып, барлық белгіленген жоспарларының іске асуын тіледі.