“Қазгелогия” АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдығалимов “Iluka” компаниясының өкілдерімен кездесті

2019 жылғы 28 қазанда «Қазгелогия» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдрашевич Абдығалимов Аустралияға бару іс-сапары шегінде «Iluka» серіктес-компаниясының стратегиялық даму бойынша басшысы Майкл Фекнермен Қостанай облысындағы кен орындарын барлау жобасы мәселесін талқылау үшін кездесті. Кездесу барсында жобаның болашақтағы дамуы және Қазақстан аймағында бірігіп жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарын жақын арада бастау мәселелері талқыланды.

М. Фекнер жақын арада  «Қазгелогия» АҚ бірлескен  кәсіпорын құруды көздейтінін және сол себепті ағымдағы жылдың қараша айында Қазақстанға келетінін айтты.

«Қазгелогия» АҚ баспасөз қызметі