“Қазгелогия” АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдығалимов Мельбурн қаласындағы “IMARC” халықаралық тау-кен конференциясына қатысты

2019 жылғы 29 қазанда Мельбурн қаласында (Аустралия) «IMARC» халықаралық тау-кен конференциясының бірінші күні өтті.

Іс-шарада тау-кен саласының жүздеген аустралиялық компаниялары және басқа елдердің осы саладағы  мамандары жиналды.

Алмаз Абдығалимов дөңгелек үстелде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен елдегі тау-кен өндірісінің дамуы бойынша сөз сөйледі.

Осы күні, «Полюс» компаниясының вице-президенті Сергей Лобовпен кездесті. Олар Қазақстан аймағында біріккен геобарлау жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі мәселелерін талқылады.

Бүгінгі таңда «Қазгелогия» АҚбасты серіктестері «Rio Tinto», «Iluka», «ALS Group» сияқты аустралиялық компаниялар екенін атап айту қажет.

Пресс-служба АО «Казгеология»