“Қазгелогия” АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдығалимов ALS Group вице-президенті Уайн Уиллиамспен кездесті

2019 жылғы 28 қазанда «Қазгелогия» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдығалимов Перт қаласына (Аустралия) жұмыс сапарымен барған кезінде геохимия бойынша әлемдік үдерістер ALS Group компаниясының вице-президенті Уайн Уиллиамспен және Аустралия бойынша аймақтық менеджер Шон Крабпен кездесті.

Айта кетері, Перт қаласындағы лаборатория әлемдегі ең ірі зерттеу кәсіпорындарының бірі болып табылады. Анализ жасалатын сынамалардың көлемі жылына 900 мыңға дейін жетеді. Компания жұмысында жоғары стандарттарға жүгінеді, яғни, атқарылған жұмыстардың сапасына және кәсіби қызметкерлерді дайындауға аса көңіл бөлу арқылы жүргізіледі.

Өз қатарында, Алмаз Абдығалимов желтоқсан айында ашылатын Қарағанды қаласындағы геохимиялық лабораторияның ашылуы Қазақстандағы тау-кен саласындағыларға аса маңызды және ерекше проекті екенін атап өтті.

Көптеген шет ел және жергілікті компаниялар сынақтардың анализдерін өз елімізде жасау сәтін күтуде.  

ALS Group өкілдері де қараша айының басында компания басшылығының Азия елдері бойынша, нақты Қазақстандағы Қарағанды қаласындағы лабораторияның ашылу мәселесін талқылау үшін сапар жүруі жоспарланғанын пайымдады.

«Қазгелогия» АҚ баспасөз қызметі