“Қазгелогия” АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдрашевич Абдығалимов Аустралиядағы әріптестерімен кездесті

2019 жылғы 28 қазанда Перт қаласындағы «IMARC» халықаралық тау-кен рудасының конференциясы шеңберінде «Қазгелогия» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдрашевич Абдығалимов «Рио Тинто» темір рудасы дивизионының логистикалық жоспарлау басшысы Арон Ла Пейджбен кездесті.

Кездесу барысында Арон Ла Пейдж үдерістерді қашықтықтан басқару орталығына шақырды. Осы орталық Рио Тинто қаласының «жүрегі» болып табылады, себебі, жер қойнауын пайдалану бойынша үдерістерді жүргізу кезінде қашықтықтан басқару жүйесін қолданады. Сөйтіп, барлық бұрғылау  білдектері, жүк көліктері және кен тасымалдайтын поездар адамның қатысуысыз қашықтықтан басқарылады.

Қазырғы уақытта берілген технологиялар Аустралия аумағындағы компания объектілерінде қолданылады.

Болашақта жасанды сананы қолдану – компанияның дамуының келесі кезеңі болып табылады.

Сөзін қорыта отыра Алмаз Абдығалымов Рио Тинтоның геологиялық барлау жұмыстарының Қазақстандағы белсенділігін атап өтті және осындай технологияларды Қазақстанда кен орындары анықталған кезде қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Қазгелогия» АҚ баспасөз қызметі