Қазгеологияда балаларға арналған ертегі ертеңгілігі өткізілді

Жаңа жыл – балалардың асыға күтетін ең сүйікті мерекесі. Жаңа жылдың қарсаңында балалардың көңілі ерекше күпті, олар қуанышты әрі сиқырлы мерекені күтеді. Мереке ахуалы жан-жақты жайлайды және жұрттың бәрі оның қарсаңында шырша, жеміс-жидектер мен тәтті тағамдар, балаларға сыйлықтар сатып алып, оны қарсы алуға асығады. Балалар үшін Жаңа жыл – шынайы ертегі мерекесі.
Сондықтан, Жаңа жылдың қарсаңында «Қазгеология» АҚ қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жыл ертегісі ұйымдастырылды.
Балалар ойындар ойнап, ән салды, би биледі, шыршаны айналып ән шырқады, Аяз ата мен Ақшақарға арналған өздерінің тақпақтарын айтты.
Сондай-ақ, мерекеге Ғажайыптар елінен Қалпақшы мен Алиса келді. Олар сиқырларымен және таңғажайып өнерімен балаларды өздеріне баурап алды.
Балалар үшін су көпіршіктерінен ойын ұйымдастырылды. Одан кейін барлық балаларға жақсы тәртібі мен жақсы бағалары үшін жұмсақ ойыншықтар мен тәтті тағамдар сыйлыққа берілді.