Қазгеологияда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Тәуелсіздік күні – бүкіл қазақ халқы үшін ұлы мейрам. 1991 жылғы 16 желтоқсан тәуелсіздікке ие болған күн. Осы ұлы оқиғаны бүкіл Қазақстан мерекелейтін болады.

13 желтоқсанда  «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдыгалимов компания қызметкерлерін басты ұлттық мейраммен салтанатты түрде құттықтап, жылдың қорытындысы бойынша көзге түскен қызметкерлерді құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне Қоғамда «Геология – бала көзімен» тақырыбында компания қызметкерлерінің балалары арасында сурет салуға конкурс өткізілді.

Конкурстың қорытындысы бойынша балалар мынадай аталымдарда марапатталды:

-«Ең жас суретші» – Нұрқасынова Жәния;

-«Ең тапқыр сурет» – Қайырбекова Адиля;

-«Ерекше сурет» – Кәрібаева Мәлике;

-«Ең жарқын сурет» – Шулятьева Милана;

-«Көркемдік бейнесі үшін» – Бейбітұлы Қасымжомарт;

-«Шығармашылық көзқарас үшін» – Красин Андрей;

-«Орындаушылық дербестігі үшін» – Красин Ярослав;

-«Тақырыпты жақсы ашқаны үшін» – Бейбіт Қуаныш Бейбітұлы.

Конкурсқа қатысқан барлық балаларға дипломдар, танымдық сыйлықтар және тәтті тағамдар тарту етілді.