Қазгеология алтынға перспективалы учаскеде іздеу жұмыстарын жүргізуде

«Қазгеология» АҚ Геолог күнінен дәстүрлі басталған дала жұмыстарының маусымын ашты.

Ағымдағы жылғы сәуірде Қарғанды облысының Үш шоқы учаскесінде 2018 жылы басталған бұрғылау жұмыстары жалғастырылады.

Учаскеде топографиялық-маркшейдер жұмыстары орындалып,рекогносцировкалық әрі тексеру іздеу маршруттары салынды, сондай-ақ ZTEM әдісі қолданылған аэрогеофизикалық жұмыстар жүргізілді, осының нәтижесінде тарихи материалдармен бірге геофизикалық деректерді егжей-тегжейлі зерттеу әрі оларға кешенді талдау жасау нәтижесінде кенденуі бағалауға ұсыным берілген 7 перспективалы учаске ажыратылды.

Жарсай және Қойыс учаскелері ерекше қызықтыруда.

Қойыс учаскесінде алтынның минералдануы қайталама кварциттердің кварц-серицитті және монокварцті құрамымен, олар кейінгі девон жасындағы вулканогенді қатпардың жоғарғы қабатында өрістеген қышқыл вулканиттермен байланысты.

Жарсай учаскесінде алтынның минералдануы Көк құдық төбесі кешенінің кейінгі девон дәуіріндегі монцодиоритті порфириттер анықталған және ұзақтығы 250 – 650м, қуаты  250м дейін кварцтелген аймақтармен байланысты.

Анықталған аномалияларды бағалау әрі контурларын жасау үшін 200-600 метрге дейін  ұңғымалар бұрғыланатын болады.

2019 жылы жалпы көлемі 5000 қ.м 16 ұңғыма бұрғыланатын болады. Қазіргі уақытта, 2 ұңғыманы  бұрғылау аяқталуда.