«Қазгеология» АҚ: Алтын қазғанда ​алтын мен мыс перспективасы бар

«Қазгеология» АҚ барлау жоспарына сәйкес Алтын қазған кен өрісінің орталық учаскесінде лицензия бойынша алтын-мыс кен көрінісін барлау жұмыстарын жүргізуде.

Жобаның мақсаты – Орталық өңірдің бүкіл экономикасы үшін маңызы бар оның минералдық шикізат базасын кеңейту.

Учаскеде, қазірдің өзінде бұрғылау және таукен геологиялық жұмыстарының бастапқы кезеңі жүргізілді. 

А.ж. 15 маусымынан бастап, геологтардың дала жасағы 50 км геологиялық маршруттан өтті және жер бетіндегі түбірлі жыныстар шығарындылары тексерілді.

Қазіргі уақытта, жалпы көлемі 960 метр, тереңдіктері 100-ден 240 метрге дейінгі 6 ұңғыма бұрғыланды.

Барлық бұрғыланған ұңғымаларда 15-20 м  тереңдіктен бастап,  40-50 м тереңдікке дейін малахит, азурит, халькопирит және пирит түрінде мыстың минералдануы анықталды.

Бастапқы жыныстарда 40м тереңдіктен бастап,  120м – 230м дейінгі тереңдікте халькопирит, сирегірек – борнит, халькозин және ковеллин көріністері түрінде мыстың минералдануы анықталды.

Оңтүстік бөлігінде, Алтын қазған кен өрісінің  кен бар жиектерінің ұңғымалардағы іргесінде ені 20-25 м, құрамындағы мыс 0,3-2% шегіндегі кварц тамырларының қуатты аймақтары табылды.

Барлау процесті ең үздік кәсіпқой шеберлер бақылайтын халыаралық стандарттар талаптарына сай жүргізілуде. Осы учаскедегі жұмыстар жетекші компаниялардың бірі KазMинералсKомпанидің құзыретті тұлғаларының қатысуымен жүргізілуде.

Қазіргі уақытта, дала жұмыстары аяқталуда және камералдық жұмыстарға дайындық басталды. 

Жүргізілген жұмыстарға жасалған талдау мыс кенденуін табуға учаскенің перспективасы бар екенін растады.

Одан әрі оң нәтижелер алынғаннан кейін жұмыстардың 2-ші және 3-ші жылында  С1. санатын қоса алғанда, неғұрлым жоғары санаттар бойынша қорларды есептеуді жүргізу үшін қажет барлау желісін тығыздап, 200м дейінгі тереңдікте іздеу ұңғымаларын бұрғылау жүргізілетін болады.