“Қазгеология” АҚ Басқармасының Төрағасы А.А. Абдыгалимов неміс инвесторларымен келіссөздер жүргізді

2019 жылғы 20 тамызда Берлинде неміс бизнес қоғамдастығымен инвестициялар жөнінде «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» ҚР Сыртқы істер министрі Б.Б. Атамқұловтың төрағалығымен қазақстандық делегацияның ресми сапарының шеңберінде өтті.

«Дөңгелек үстелге» «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы А.А. Абдыгалимов қатысты.

Отырыстың барысында ҚР Сыртқы істер министрі Б.Б. Атамқұлов Қазақстанның аса мол шикізат базасы туралы айтты. Атап айтқанда, қазіргі кезде цифрлық технологияларды дамыту үшін сирек жер металдары мен түсті металдарды өндірудің ерекше қажет болатыны белгілі.

Б.Б. Атамқұлов «Қазгеология» АҚ-тың осы бағыттағы қызметін атап өтіп, неміс компанияларын белсенді ынтымақтастық жасауға шақырды.

«Қазгеология» АҚ басшысы неміс инвесторларымен кездесіп, келіссөздер жүргізді.