“Қазгеология” АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдыгалимов жұмыс бабындағы сапармен Германияда болды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартаТоқаевтың 2019 жылғы 5-6желтоқсандағы  Германияға ресми сапарының шеңберінде «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдыгалимов жұмыс бабындағы сапарменБерлинде болды.

Сапардың барысында бірлесіп талқыланған негізгі тақырып – Қарағанды облысындағы Медине алаңында түсті және асыл металдар барлау жобасы болды.

Медине – «Қазгеология» АҚ-тың және «Ulmus Fund B.V.» компаниясының бірлескен жобасы. Жоба «KAZNEX INVEST» АҚ экспорту и инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі мен неміс тарабы арасындағы Қазақстан экономикасының таукен секторына инвестициялар мен жаңа технологиялар тарту мақсатында, дамудың бастапқы кезеңіндегі кен орындарын барлау әрі технологиялар тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы Шикізат, өнеркәсіп және технологиялар салаларындағы әріптестік туралы мемлекетаралық келісімді орындау үшін жасалған.

Сапар нәтижелері бойынша «Қазгеология» АҚ пен «Ulmus Fund B.V.» неміс серіктестігі арасында Қарағанды облысындағы Медине алаңында түсті және асыл металдар барлау бойынша бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды.

«Қазгеология» АҚ Баспасыөз қызметі