“Қазгеология” АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдыгалимов Сеулде ҮАК-те сөз сөйледі

«Қазгеология» АҚ Басқармасының ТөрағасыАлмаз Абдрашевич Абдыгалимов а.ж. 19-20 наурызда СеулдеҚазақстан-корей сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық үкіметаралық комиссия (ҮАК) 8-ші отырысына қатысты.

Өзінің баяндамасында  «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы отырысқа қатысушыларды Қазақстандағы геологиялық барлау саласындағы ағымдағы ахуалмен, жаңа технологиялар енгізудегі компанияның рөлімен таныстырды.

Қазіргі уақытта,  «Қазгеология» АҚ инвестициялық ахуалды жақсарту үшін жасаған маңызды қадам – бұл Ұлттық деректер банкін  (ҰДБ) енгізу, мұның өзі мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара іс-қимылын электронды форматқа көшіруге мүмкіндік береді. ҰДБ-ның негізгі міндеттерінің бірі – жер қойнауын пайдалану процестері мен жер қойнауы туралы деректерге қол жеткізуді оңайлату жолымен «бір терезе» қағдатын енгізу.

Сондай-ақ, «Коммерциялық геохимиялық зертхана» жобасын іске асыру мақсатында, ALS (Австралия) компаниясымен бірлесіп, «Қазгеология» АҚ  «ALS Қазгеохимия» ЖШС-пен бірлескен кәсіпорын құрды, бұл елден сыртқа шығармай-ақ геологиялық сынамаларға талдама жасауға мүмкіндік береді. Зертхананы 2019 жылдың 4ші тоқсанында іске қосу жоспарлануда.

Сөзінің соңында Төраға корей  инвесторларына ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынды.

ҮАК отырысының барысында ынтымақтастық жасауға мүдделілігін білдірген KOLON Industries, Inc. және  POSCO сияқты Оңтүстік Кореяның ірі таукен  компанияларымен келіссөздер жүргізілді.