“Қазгеология” АҚ Басқарма Төрағасы Алмаз Абдыгалимов Asia Copper Week 2019 халықаралық конференциясына қатысты

Мыс және тау-кен өнеркәсібі зерттеулерінің орталығы және Қытай түсті металлургия қауымдастығы жыл сайын Азия мыс апталығын ұйымдастырады. Бұл іс-шара Азиядағы мыс саласындағы басты оқиғалардың бірі болып табылады. Жыл сайын іс-шараға 2000-нан астам халықаралық сала өкілдері мен жетекші компаниялардың өкілдері қатысады.

Биылғы жылы Asia Copper Week 2019 мыс өнеркәсібі бойынша халықаралық конференциясы Шанхай қаласында өтті. Конференцияға Anglo-American, China Minmetals Corporation, Jiangxi Copper, Rio Tinto Jiangxi Copper сияқты ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Asia Copper Week 2019 негізгі төрт іс-шараны қамтыды: Азия мыс конференциясы, IWCC және SHFE Қытай мыс семинары, Компаниялар басшыларының басқосуы және Азия мыс кешкі асы.  Іс-шарада бүкіл әлемнің жоғары деңгейдегі басшылары жиналып, бір-біріне сәлем беріп, қол алысып, саланың дамуындағы маңызды әрі түйінді мәселелерді талқылау үшін кездеседі.

«Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы Алмаз Абдыгалимов  конференцияның шеңберінде  Xianyan Qirui компаниясының Президенті Джын Зунхуамен кездесті.

Xianyan Qirui компаниясы 2010 жылы құрылды. Компания ауыл шаруашылығы өнімдерінің ТМД және Еуропа елдеріне экспортымен айналысады.

Одан кейін тау-кен өндіруші Heilongjiang Baoquan  компаниясының директоры Ян Тиеимен кездесті. Heilongjiang Baoquan компаниясы 2011 жылы құрылған. Ол графит өндіруменайналысады.

Келіссөздердің барысында Қазақстан мен Қытай үшін маңызды әрі  перспективалы жобалар талқыланып, кездесулердің нәтижелері бойынша бірлескен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Сондай-ақ, Алмаз Абдрашевич Қытай Халық Республикасы Үкіметінің жанындағы Хэнань провинциясы Геология басқармасы халықаралық жобаларының басшысы Джоу Янгпен кездесті. Олар Қазақстандағы геологиялық барлауды дамыту мәселелерін  талқылады  және таяу жылдарға жоспарланған барлық маңызды әрі перспективалы жобаларды атап өтті.

«Қазгеология»АҚ Баспасөз қызметі