“Қазгеология” АҚ Басқарма Төрағасы Алмаз Абдыгалимов Yildirim Group түрік компаниясының басшылығымен кездесті

2019 жығы 9 қарашада Стамбұл қаласында өткен Қазақстан-Түрік бизнес форумына қатысқан жұмыс барысындағы сапарында «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы Алмаз Абдыгалимов Yildirim Group түрік компаниясының бас директоры Роберт Юксель Йылдырыммен кездесті.

Кездесуге, сондай-ақ,  Yilmaden Holding таукен компаниясы бас директоры Альп Малазгирт өзінің техникалық командасымен бірге қатысты.

Кездесу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысындағы Майлышат учаскесінде  құрамында алтын бар кендер барлау және Суровский учаскесінде платина тобындағы элементтерді барлау жобаларын іске асырумен байланысты мәселелерді талқылау. Сонымен бірге, бірлескен кәсіпорындарға жер қойнауын пайдалану құқығы бар келісімшарттар жасау, Қарағанды облысындағы Тектұрмас, Павлодар облысындағы Шідерті-Екібастұз,  Шығыс Қазақстан облысындағы Шар  учаскелерінде хромиттерді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Роберт Йылдырым бірлесіп іске асыру үшін перспективалық жаңа жобалар жасауға зор ықылас білдіріп, ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде, Алмаз Абдыгалимов тараптар ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті және  «Қазгеология» АҚ-ның жаңа инвесторлар тарту және геологиялық барлаудың жаңа объектілерін табу жөнінде атқарылған жұмыстары туралы баяндады.  Жұмыс бабындағы кездесу нәтижелері бойынша екі тарап тоқсан сайын жұмыс бабындағы кездесулер өткізу туралы келісімге келді, яғни, алға қойылған міндеттерді тиімді орындау мақсатында, ұдайы тәжірибе алмасуға күш-жігер салынатын болады.

Осындай кездесулер шетелдік әріптестер жұмысының ерекшеліктерімен танысып, әлемдік индустрия жаңалықтарын және геологиялық барлау саласындағы ең соңғы жаңалықтарды білуге мүмкіндік беретінін атап өту керек. Қазіргі таңда, ақпаратқа ие болу – уақыттан қалыспай, табысқа жетуге мүмкінлік береді.