Қазгеология бұрғы станоктары паркін толықтырды

«Қазгеология» АҚ-тың басты мақсаты – жер қойнауын геологиялық зерттеу және елдің  минералдық-шикізат базасын ұдайы молайту болып табылады.

Геологиялық барлау зерттеулерін табысты жүргізу үшін геологтар бұрғылау жұмыстарын жүргізеді.

Геологиялық барлау жобалары бойынша жұмыстар көлемінің ұлғаюына байланысты және геологиялық барлау ұңғымаларын іздеуді тиімді жүзеге асыру үшін 2019 жылы қараша айында «Қазгеология» АҚ 3 «Boyles» ( С5- 2 бк., С6- 1 б-к.) әмбебап станогын сатып алды.

«Boyles» станогының артықшылығы – басқару панелі арқылы бұрғылау процесін басқару, жоғары жылдамдығы, қарапайымдылығы және пайдалану қауіпсіздігі.

Күні бүгін бұл өз сыныбындағы ең қуатты бұрғы станогы. Сондай-ақ, онымен іркіліссіз жұмыс істеу мүмкіндігі бар, қызмет көрсету қажеттілігі мейлінше аз. Станоктар қауіпсіздік пен жарақат алу тәуекелін төмендету талаптары ескеріліп, әзірленген. Олар экология талаптарына сай, өйткені газ шығарындылары өте аз. Қазіргі заманғы құрылғысы станокты қарапайым, ұғынықты әрі жұмыста қауіпсіз етеді.

«Epiroc»   сияқты әлемге белгілі атауы бар қуатты әрі әмбебап станоктарды сатып алу геологтарға бұрғылау жұмыстарын жылдам әрі сапалы жргізуге, тиісінше инвесторлар тарабынан мүдделілікті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

Күні бүгін «Қазгеология» АҚ-тың паркі 3 «Boyles» қуатты әрі әмбебап станоктарымен толықтырылды. Бұл тек бастамасы ғана!