Қазгеология Жезқазған өңірінде мыс пен полиметалдар іздеуді жүргізуде

Қазіргі уақытта, «Қазгеология» АҚЖезқазғанның бірнеше  объектілерінде геологиялық барлау жұмыстары кешенін орындауда.

Жезқазған өңірінің геологиясы мен металлогениясын зерттеу қазіргі геологияның өзекті мәселелерінің бірі. Жезқазған өңірі әлі жетік зерттелмегендіктен, өйткені, мұнда пайдалы қазбалардың әртүрлі тұрпаттарының орасан зор  ресурстары шоғырланған  (темір кендері, полиметалдар, алтын, т.б.  шикізат).

Күні бүгін геологтар Жезқазған өңірінің одан әрі серпінді дамуы үшін мүмкіндік беретін кен орындарын анықтау үшін перспективалы жер қойнауы учаскелерін табу үшін негіз бар.

Қайыңды учаскесі өңір өнеркәсібі үшін шикізат табылуы ықтимал осындай объектілер қатарына жатады.

Іздеу жұмыстары «Қазгеология» АҚ пен «Орталыққазжерқойнауы» ӨД арасындағы 2018 жылғы шарттың негізінде жүргізілуде.

Геологиялық барлау жұмыстары аумағы Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан.

2018 жылы алаңда геологиялық-геофизикалық жұмыстар кешені орындалды: ВП-ДОЗ әдісімен (желісі 500х50 м) көлемі 340 қ.км алаңда электр барлау жұмыстары және 100 қ.км көлемінде іздеу маршруттары.

Сол кезде бірнеше аномалия аймағы ажыратылды. Олар кеңістікте мыс пен полиметалл минералдануы тән Тойғыл, Қара дің, Бозай, Қоянды учаскелеріне орайлас орналасқан.

Аномалия аймағын растау үшін ізашарлар жұмыстарының және геохимиялық сынамалар нәтижелері бойынша 2018 жылғы маршаруттың негізінде биылғы жылдың шілде айында көлемі 1500 м3  таукен өткеру жұмыстары жүргізілді.

Жер бетіндегі таукен өткеру жұмыстарының негізгі міндеті – кен тәндері орналасқан жыныстардың  гидротермальді-метасоматикалық аймақтар өзгерістері мен кен тәндерін ашу, зерттеу әрі сынама алу.

Сондай-ақ, биылғы жылы желісі 250х25м  көлемі 100 қ. км магнитті барлау және желісі 500х50м көлемі 160 қ. км  электр барлауы жұмыстары аяқталды.

Аномалия полярлануы таралған аймағы алаңында  желісі 250х25м  тәптіштелген электр барлауы жұмыстары жүргізілді.

2019 жылға жоспарланған көлемі – 100 қ.км, олардың жартысы қазірдің өзінде орындалды және қыркүйектің аяғына дейін тұтас аяқталады.

Жұмыстар «Trimble R10» компаниясының GPS спутнигі жабдығы пайдаланылып, WGS-84 UTM-42 координаталары жүйесінде орындалуда.

2019 жылы  Тойғыл, Қара дің, Бозай, Қоянды кен өрістерінде жалпы көлемі 1100 қ.м 8 ұңғыма бұрғылау жоспарланды. Күні бүгін жалпы көлемі 400 қ.м 3 ұңғыма бұрғыланды. Жұмыстардың қорытынды нәтижелері зертханалық-талдамалық зерттеулер деректері алынған соң айқындалады.