Қазгеология Лондон конференциясына қатысты

2019 жылғы 27 қарашада Лондонда таукен өнеркәсібіне капитал мен инвестициялар тарту жөніндегі іс-шаралардың жетекші халықаралық сериясы  болып табылатын Mines and Money. Mines and Money  конференциясы өтті. Бұл конференция барлаумен айналысатын юниорлардан бастап, танымал өндірушілер мен ірі компанияларға дейін инвесторларды және таукен өндіруші компанияларды тартуға бағытталған.

Конференцияның шеңберінде «Қазгеология» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Елдар Тағаш SBD Global Fund, Astra Mining, Central Asia Metals, Metalcorp Group S.A., Chesterfield Plc., Reuben Partners, Adriatic Metals, Orion Resources, MMG Capital. компанияларының өкілдерімен кездесті.

Сондай-ақ, қор биржалары акцияларын, жеке сауда палаталарын, хедж қорларын және отбасылық офистер басқарушыларымен, сондай-ақ ұзақ жылдар бойы қаржы көрсеткіштерін көтеру үшін Қазақстанның мол ресурстарынан пайда табуға белсенділікпен ұмтылған юниор компаниялармен кездесулер ұйымдастырылды.

Келесі күні 2012 жылы құрылған MINEX Eurasia 2019 конференциясы өтті. Ол Орталық Азия, Россия, Монғолия, Шығыс және Орталық Еуропа бойынша жетекші британ таукен форумы болып табылады.

Конференция британ және халықаралық инвесторлар, қаржыгерлер мен қызмет көрсетушілерге арналған. Ол сауда, ынтымақтастық, инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер беретін жыл сайынғы тұғырнаманы ұсынады. Биылғы жылы MINEX Eurasia 2019 конференциясы Россия, Монғолия, Қырғыз Республикасы мен Қазақстанда жұмыс істейтін ірі таукен және геологиялық барлау компанияларының басын біріктірді.

Конференцияда жобаларды қаржыландыру, инфрақұрылымды жаңғырту, пайдалы қазбалар өндіруді оңтайландыру, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік сала мен басқару саласындағы инвестициялар сияқты салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ  пайдалы қазбалар өндіруге және өңірдегі инвесторлар сеніміне әсер ететін мәселелерді шешу үшін озық тәжірибені пайдалану талқыланды.