Қазгеология Росгеологиямен келісімге қол қойды

0
3

2020 жылғы 12 наурызда Қазгеологияда «Қазгеология» АҚ және «Росгеология» АҚ басшыларының кездесу өтті.

«Росгеология» АҚ дамыған өндірістік-техникалық базасы, жоғары кәсіптік құзыреті мен бірегей геологиялық ақпараттың зор көлемі бар, аса ірі геология холдингі болып табылады. Компания өңірлік зерттеулерден бастап, параметрикалық бұрғылауға, жер қойнауы жай-күйінің мониторингіне дейінгі геологиялық барлау жұмыстарының барлық түрлерін жүзеге асырады, теңіз геологиясы және теңіз қайраңындағы жұмыстар саласында бірегей құзыреттерге ие

Кездесудің қорытындысы бойынша «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдрашевич Абдыгалимов пен «Росгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Сергей Николаевич Горьков перспективалы жер қойнауы учаскелеріне қатысты құпиялық туралы келісімге қол қойды.  

Тараптар «Қазгеология» АҚ пен «Росгеология» АҚ арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысын талқылады. Ынтымақтастық бойынша өзектендірілген жаңа жоспарға қол қойды.

«Росгеология» АҚ Ақмола облысындағы Бақалы адыр учаскесінде және Орталық Қазақстандағы мыс-порфира кенденуі бар үш алаңда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге өзінің мүдделі екенін білдірді. .

«Қазгеология» АҚ