Қазгеология хромит кендерінің бұрын белгісіз кен орнын тапты

0
8

«Қазхром» ҰАК» АҚ тапсырысы бойынша Оңтүстік Кемпірсай кен өрісінде хромит кендерін іздеу жұмыстарының жүргізу шеңберінде соңғы 25-30 жылдың ішінде алғаш рет Геологическое деп аталған хром кендерінің бұрын белгісіз кен орны табылды.

Геологическое кен орны Ақтөбе облысының аумағында Хромтау қаласынан солтүстік шығыста 6 км қашықтықта, «Дөң» кен байыту комбинатының жұмыс істеп тұрған кен карьерінен 700 м қашықтықта орналасқан.

2017 жылы . «Қазгеология» АҚ мамандары қазіргі заманғы әдістермен және технологиялармен геологиялық-геофизикалық материалдарға қайта интерпретация жасау процесінде перспективалы аномалияны анықтады.Оны ұңғымалар бұрғылау арқылы одан әрі тексеру кезінде тұтас хром кендерінен тұратын кен интервалдары қиылды. Нәтижесінде кондиция желісін өрістеткен барлау жүргізіліп, Геологическое І деп аталған хром кендерінің кен орны табылды.Кен орны Поисковое кен орнынан батысқа қарай 200 метр қашықтықта, түгесілген карьердің батыс жиегінде орналасқан.

Барлау жұмыстарын жүргізудің барысында кен орнының геологиялық құрылысы , хром кендеріне тән нысандары мен көлемдері, олардың орналасуының және ішкі құрылысының негізгі ерекшеліктері анықталып, кенденудің бөлінісі мен кен тәндерінің өзгеру сипаты бағаланды, қорлардыы өндірудің таукен-геологиялық, таукен-техникалық гидрогеологиялық жағдайлары нақтыланды.

Кен орнының кен аймағы ұсақ линзалармен қоршалған және ортадағы екі жақын орналасқан неғұрлым ірі әрі тұтас тәндерден қалыптасқан.. Подсчет запасов и оценка прогнозных ресурсов на месторождении Геологическое I кен орнындағы болжамды ресурстар қорларын есептеу әрі бағалау үш өлшемді геологиялық модель жасау , арқылы жүргізілді. Жұмыс істеп тұрған «Дөң» КБК АҚ-тың жағдайында ең оңтайлы мына схемалар таңдап алынды: кен орнын ашық тәсілмен өндіру және ферросплав өндірісі үшін жарамды тауарлы хром кені алынатын кенді қайта өңдеу схемасы.

Қорларды есептеу нәтижесінде . Геологическое I кен орны хром кендерінің қорлары бойынша орташа кен орнына жатқызылды. Болжамды ресурстар мен қорлардың ықтимал артуын жете зерттеу мақсатында, кен орнындағы жұмыстар солтүстік шығысқа созылған аймағында жалғастырылуда.

Геологическое I кен орнында хром кендерінің тауарлық кенін өндірудің нақты есептелген өзіндік құны . «Қазхром» ҰАК» АҚ бойынша да, әлемдегі нарықта да осындай өнеркәсіп өнімдерінің ішінде бәсекеге қабілетті деп есептеуге мүмкіндік береді.

Кен орнының есептелген қорлары 4 жыл бойы оны ашық тәсілмен жылына . 150-300 мың тонна өнімділікпен өндіріп, жұмысшылар мен ИТҚ-ның мамандарынан 150 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

«Қазгеология» ҰГК» АҚ