Қазгеология ШҚО-да алтын және полиметалдар кен орындарын іздеуді жүргізуде

Қазақстан геологтарының пкірінше, Шығыс Қазақстан облысындағы кенді Алтай аумағында алтын және полиметалл кен формациясындағы өнеркәсіптік кен орындарын анықтауға перспективалы ықтимал кен алаңдарын табуға мүмкіндік бар.

Қазіргі уақыта, «Қазгеология» АҚ осы нұсқаны тексеруде. Кенді Алтай аумағында металлогения проблемалары мәселелерін шешу үшін жаңа ақпарат, жергілікті кен объектілері орналасуының заңдылықтарын анықтау үшін жаңа технологиялық тәсілдер мен жаңа гипотезалар қажет.

Бұл, әсіресе, ірі кен объектілері анықталмаған алаңдарға қатысты.

Осыған байланысты, 2018 жылы Зырянов кен ауданындағы Ревнюшинская алаңында жүргізіліп жатқан масштабы ірі  іздеу жұмыстары басталды.

«Қазгеология» АҚ іздеу жұмыстарын «Шығысқазжерқойнауы» РММ ӨД-мен шарттың негізінде жүргізуде.

Алаң Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай және Қатын қарағай аудандарында орналасқан.

Мұнда геологиялық барлау жұмыстарының үлкен кешені: геологиялық маршруттар,  Ionex технологиясы бойынша геохимиялық сынамалар іріктеп,  элементтер шоғырланған кен өрістеріне карта жасау, бұрғылау, геофизикалық, сынама алу, зертханалық және  камералдық жұмыстар белгіленіп отыр.

Нәтижесінде, көп модельді технология әдісімен Ревнюшинская алаңының алтын және полиметалдарға болжамды ресурстары бағаланып, оның ықтимал перспективалары анықталатын болады. 

Мамандар алдына қойған басты міндеттер:

  • ашылу мәртебесі төмен әртүрлі сатылы деңгейдегі кен объеектілерін анықтау  (кен аудандарынан кен орындарына дейін);

– кен бақылау факторларын зерделеу және зерттелетін кен орындары мен кен көріністерінің  баламалымодельдерін жасау;

– оценить прогнозные ресурсы по категориям Р2 және Р3. Санаттары бойынша болжамды ресурстарын бағалау.

Іздеу жұмыстары геологиялық карталары, схемалық геологиялық карталары мен перспективалы учаскелерінен сынама алу жоспары жасалып, ілесе жүргізіледі.

Сондай-ақ, 20-23 элемент шоғырлануы (геохимиялық өрістер) бөлінісінің қалыпты әрі жинақталған модельдерін  құру көзделуде.

Масштабы – 1:100000 и 1:25000.

Осы маусымдағы дала жұмыстары кезеңінде 250-250 м (Ionex технологиясы) желісінде көлемі 1000 км тәптіштелген карта жасау орындалды, Нарым өззенінің аңғарында тереңдігі 300 метрге дейін алғашқы бұрғылау ұңғымалары қазылып, кендердің негізгі әрі ілеспе компоненттеріне 1078 сынама алынып, талдама жасалды.

Зертханалық-талдамалық зерттеулер деректері алынғаннан кейін жылдың аяғында жұмыстардың алғашқы нәтижелері айқындалады.

Осылайша, геологиялық барлау жұмыстары өнеркәсіптік мәні бар алтын-полиметалл объектілерін анықтауға перспективасы бар-жоғын анықтау мәселесін шешуде көмектеседі.

Оң нәтижелер алынған жағдайда, кенді Алтайдың шикізат әлеуеті едәуір ұлғаюы ықтимал – бұл –еологтар өздерінің іздеу жұмыстарында қол жеткізуге ұмтылатын басты түпкі нәтиже.