Қазгеология Қарағанды облысында қорғасын, мыс, марганец іздеуді жалғастыруда

Терісаққан алаңындағы (М-42-ХХ-парақ) іздеу жұмыстарын «Қазгеология» МД «Орталыққазжерқойнауы»  (2018ж) ӨД-мен шарттың негізінде жалғастыруда.

Алаң  Қарағанды облысында Ұлытау ауданында. Жұмыстардың жалпы көлемі – 176,1 км2.

 Жұмыстар учаскесі шығыс және оңтүстік бөліктерінде жоғарғы девонның терригенді және карбонатты қатпарларынан әрі солтүстік пен батыс бөліктерінде жоғарғы ордовиктің  интрузивтік кешеніндегі гранодиориттермен және ұсақ түйіршекті граниттермен көрінеді.

Ол 4 кен көрінісін қамтиды  (масштабы 1:200000 геологиялық түсірумен анықталды):

– қорғасын (солтүстік пен оңтүстік Терісаққан).

Қорғасын көрінісінде кен минералдануы ізбес тастарындағы галенит тарамдарымен көрінеді, кендену аймақтарының ұзақтығы – 1700-2000м қуаты 35м, қорғасын құрамы 0,7 ден 19,0% дейін.

– меди (Жаңа-Бек);

Кремнийлі ізбестің минералдануы орта жоғарғы девонның  ажырамаған сұр түсті құмдауыттарында және жоғарғы девонның сульциферлі  құмдауыттарында. Жер бетіндегі кен минералдануының ұзақтығы  1700 м, қуаты 5-35м. Жер бетіндегі мыстың құрамы – 3-5%.

– марганец (Терісаққан).

Кен көрінісіндегі кендену марганец кенінің қатпарлы кенішімен көрінеді, кен минералдануының  ұзақтығы  1700 м, кендену аймағының ені 15-25м; марганец құрамы 22% жетеді. Қорғасынның  арықтар мен ұңғымалардағы құрамы 1,2%, мыс – 0,5% құрайды. 

2018 жылы алаңда ВП-ДОЗ әдісімен (желісі 500х50 м) электр барлауын қамтитын  228 қ.км көлемінде геологоиялық-геофизикалық жұмыстар кешені орындалды, іздеу маршруттарының көлемі 120 қ.км және таукен жұмыстарының көлемі 2000 м3.

Полярлануы жоғары бірнеше  аномалия  анықталды, олар оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай «диагональды» бағытта созылған. Алаңдағы аномалиялар таралуы ізашалар анықтаған минералдану нүктелерімен және кен көріністерімен сай келеді.  

Биылғы жылы аномалиялар таралған бүкіл алаңда тәптіштелген магнитті барлау және электр барлау жұмыстары жүргізіледі.

   Алаңның құрылымдық-тектоникалық ахуалын және  Терісаққан марганецтің оңтүстік кен көрінісіндегі магнит өрісі мол туындататын объектілердің шекараларын нақтылау жоспарлануда (22).

Сондай-ақ, өрісті туындататын объектілердің орналасқан жерлерін нақтылып, полярлану аномалияларының неғұрлым тәптіштелген суретін ал жоспарлануда.

Геофизиктер  Терісаққан  учаскесінде дала жұмыстарын мамырда бастап, қазірдің өзінде 250х25м, көлемі 65 қ.м электр барлауы жұмыстарын орындады.

Жалпы алғанда, шілденің аяғына дейін сынадай жұмыстар жүргізіледі:

– ВП-ДОЗ әдісімен (желісі 500х50 м) электр барлауы жұмыстары – 47 қ.км., желісі 250х25 м – 103 қ.км;  

– магниторазведочные работы по сети 250х25м – 103 пог.км.

Жұмыстарды топографиялық-геодезиялық топ «Trimble R10» компаниясының GPS жабдықтарын пайдаланып, алдын ала бөлінген 250х25м желіде орындайды.

 Бұдан басқа, солтүстік пен оңтүстік Терісаққан, Жаңа-Бек, Терісаққан көріністерінде жалпы көлемі 200 қ.м 10 ұңғыма бұрғыланады.