«Қазгеология» ҰГК» АҚ мерейтой иесін құттықтады

0
12

2020 жылғы 19 ақпанда «Қазгеология» ҰГК» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдрашевич Абдыгалимов салтанатты жағдайда Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукейді 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Іс-шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Серікбайұлы Жаркешов, Геология комитетінің төрағасы Ақбатыр Алуадинұлы Надырбаев, «Қазгеология» ҰГК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев, «Қазгеология» ҰГК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Алмат Жанболатұлы Әбдікешев қатысты.

Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукей «Қазгеология» ҰГК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукей Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері, «Нарық экономикасы жағдайында жер қойнауы жүйесін басқару әрі реттеу тұжырымдамасының» авторы әрі әзірлеушісі, 126 ғылыми еңбегі, оның ішінде 7 монографиясы бар. «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», Астана мерейтойы медальдарымен, ХШЖК күміс медалімен, «Жер қойнауын барлаудың үздігі», «Жер қойнауын құрметті барлаушы» белгілерімен марапатталған, Амангелді газ кен орнын алғаш ашқан.