Қазгеология өкілдері PDAC Convention – 2019 конференциясынан оралды

«Қазгеология» АҚ өкілдері жыл сайынғы таукен өнеркәсібі көрмесінде болып, PDAC Convention – 2019 конференциясына қатысты.       Іс-шара 2019 жылғы 2-6 наурызда Торонто (Канада) қаласында өтті.

PDAC Convention конференциясы бүкіл әлем геологтары үшін талқы алаңы болып табылады. Мұнда пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, өндіру, таукен өнеркәсібі кәсіпорындарынның таукен жабдықтарын өндіруі мен реконструкциясы мәселелері талқыланды.

Жыл сайын конференцияға әлемдегі 125 елден Global 2000 рейтингіне кіретін 500-ден астам  жетекші таукен және инжиниринг компаниялары (АҚШ, Австралия, ОАР және т.б.) өкілдері қатысады. Мамандар өздерінің таукен өнеркәсібіндегі бағдарламаларын, технологиялық жетістіктерін және  инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетеді.

Конференция барысында  «Қазгеология» АҚ басшысы Алмас Әбдірашұлы Абдыгалимов геологиялық барлау саласындағы әлемдегі жетекші көшбасшылар – Freeport McMoran (США), Vale (Бразилия), ALS Chemistry  (Ұлыбритания), Forbes & Manhattan (Канада), Codelco (Чили), SUMITOMO и JOGMEC (Жапония), Esan Eczacıbaşı Industrial Raw Materials Со. (Түркия) сияқты аса ірі компаниялар басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Шетелдік компаниялар «Қазгеология» АҚ-тың перспективалы инвестициялық жобаларын қарап, ынтымақтастық жасауға мүдделі екенін білдірді.

А.ж. 5 наурызда «Қазгеология» АҚ делегациясы Канада евразиялық-ресейлік бизнес қауымдастығы (CERBA) конференциясына қатысты.

CERBA мүшелері 140-тан астам корпорация мен жеке тұлғалар.

Өзінің сөйлеген сөзінде «Қазгеология» АҚ басқарушы директоры Бауыржан Мүдәрісов елдің инвестициялық ахуалы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық заңнаманың негізгі басымдықтары, компания қызметінің басым бағыттары мен перспективалары туралы айтып берді.