Қазгеология Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасына қатысады

Бүгін, 2019 жылы 23 мамырда «Қазгеология» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдыгалимов Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының(ӨСАБ) Шығыс Азия бойынша өңірлік менеджері Алекс Гордимен кездесті.

Кездесу 2019 жылғы тамызға белгіленген ӨСАБ-тың Қазақстандағы 2-ші валидациясын дайындау шеңберінде өтті. Қазіргі сәтте Қазақстан бұрын ұсынылған 10 түзету шарасын ескеруі тиіс.

ӨСАБ – өнеркәсіп секторындағы кірістердің ашықтығын іске асыруға бағытталған стандарт.

Қазақстан  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы кодексіне ӨСАБ бойынша нормаларды енгізіп, ашықтық процесіне белсенді қатысуда.

Еліміз 2007 жылдан бастап ӨСАБ-тың толық мүшесі болып табылады. ӨСАБ барлығы 52 елде іске асырылуда.

Кездесудің барысында А. Горди Қазақстанның есептері ӨСАБ-тың талаптарына толық сай келтінін айтты.

Сонымен бірге, ол Қазгеологияның мемлекетпен қаржылық өзара іс-қимылдары кезінде туындайтын міндеттемелерін айқындап, ӨСАБ есептерін әзірлеу үшін қажет ақпараттың ашық қол жеткізіліп, жариялануы талаптары туралы және ақпараттың өзіне қойылатын талаптар туралы айтты.

Ашық жарияланымдағы қаржы құжаттамасы менесептілікті қалыптастыруға негізделетін ашықтық – шетелдік инвесторлар тарабынан қазақстандық компанияларға сенім деңгейін көтеру үшін қосымша шаралардың бірі болып табылатынын түсіну маңызды. Мысалы, Қазгеология өз ақпаратын ұсынатын «Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» біріктірілген ақпараттық жүйесі САБ-қа кіріктірілген және кез келген адамға онлайн режимінде ашық.