Қостанай облысындағы Краснооктябрьский учаскесіне баспасөз туры өткізілді

Біздің компания  биылғы жылы алғашқы баспасөз турын ұйымдастырды. Қостанай облысындағы  Краснооктябрьский учаскесіне (Қамысты және Таранов аудандары) бардық.

12 шілдеде бізбен бірге журналистер «ҚазААГ»,  «Новое Поколение» газеті, «Атамекен» теледидар арнасының және  «Көркем» студиясының өкілдері барды.

Олар бір күн бойы геологтармен бірге болды: олардың жұмыс күнін көрді; металдар кеніштерін іздеу қалай жүретінін, жаңа кен орындары қалай ашылатынын өз көздерімен көрді.

Басқарма Төрағасының орынбасары Айбек Балдайұлы Ижанов, компания бас геологы Берікбол Серікбайұлы  Хамзин және 2-санатты геолог Марат Қайырбекұлы Әбілтаев БАҚ өкілдеріне түсіндірмелер берді.

Әріптестеріміз журналистерге ең басты процесті: ауданда пайдалы қазбалар бар-жоғын білдіретін керн (геологиялық тас материалы) іріктеуді көрсетті.

Учаскеде мырыш кендерін іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Объектіде жұмыстарды 2 бұрғы бригадасы жүргізуде: оларды Қайрат Қайыңбаев пен Игорь Комаров басқаруда. Олардың мақсаты – мырыш, қорғасын және басқа ілеспе компоненттерін табу.

Жұмыстардың қорытындысы бойынша пайдалы қазбаларға перспективалы учаскелер ажыратылып, Р1 мен Р2 санаттары бойынша болжамды ресурстарын бағалау, алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және одан әрі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді негіздеу жасалады.

Сапар туралы бірінші сюжет «Атамекен» теле арнасының жаңалықтарында 15 шілдеде шығарылды. Келесі 2 аптада басқа материалдар «НП» және «МК» газеттерінде және «ҚазААГ»-де шығарылады.

Біздің www.qazgeology.kz  сайтымыздағы «Баспасөз орталығы» бөлімінде баспасөз туры  туралы қызықты кадрлар одан әлдеқайда көп орналастырылған.