ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешов пен “Қазгеология” АҚ Басқарма Төрағасы Алмаз Абдыгалимов “Kibar Holding” компаниясының басшылығымен кездесті

2019 жылғы 11 қарашада Стамбул қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешов пен «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы Алмаз Абдыгалимов Қазақстан-түрік бизнес форумына қатысу шеңберінде «Kibar Holding» компаниясының Төрағасы Али Кибармен және компанияның бас директоры Халук Каябашимен кездесті.

Кездесу барысында өзара тиімді бизнес жобалар мәселелері талқыланып, бизнес процестерді тиімді іске асыру жолдары қарастырылды.

Әріптестермен әңгіме барысында Санжар Жаркешов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Қазгеология» АҚ қызметінің  негізгі бағыттары туралы айтып, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Қазақстанда жүргізіліп отырған реформалар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, бірлескен әріптестік тәсілімен табысты бизнес құру әрі дамыту үшін шетелдік инвесторлар үшін жаңа жағдайлар мен мүмкіндіктер туралы ақпаратты бөлісті.

Өз кезегінде, «Kibar Holding» түрік компаниясының басшылары компаниясы қызметінің  таукен-металлургия кешені, машина жасау, мұнайгаз бизнесі, тағам өнеркәсібі, құрылыс және логистиканы қамтитын негізгі бағыттары туралы хабардар етті.

Сонымен бірге, компанияның басшылығы таукен өндіру саласында, атап айтқанда, бокситтерді, алюминий мен түсті металдарды геологиялық барлау саласында ынтымақтастық жасауға мүдделілігін білдірді.

Түркия ұзақ жылдар бойы еліміздегі көптеген салаларда Қазақстанның бизнестегі тұрақты әріптесі екенін атап өту қажет. Осындай кездесулер өзара тиімді бизнес ынтымақтастығын жүргізудің көпжылғы тәжірибесін нығайтады және біздің мамандарымызға тәжірибе алмасу үшін өте жақсы мүмкіндіктер туғызады.

 «Қазгеология» АҚ

Баспасөз қызметі