Құрметті Серікбек Жүсіпбекұлы!

Менен және Компания атынан туған күніңізге байланысты шын жүректен құттықтауды әрі ең игі тілектерімізді қабыл алыңыз!

Сіз көргендігіне жаңашылдығы сай, мүдде қорғаудағы өр мінезіңіз бен беріктігі ұштасатын аса білікті маман екеніңіз көпшілікке мәлім!

Сіз – уәдесіне берік адал іскерліктің жарқын үлгісі болдыңыз.

Сіздің қажыр-қайратыңыз, мақсаткерлігіңіз, терең біліміңіз бен не бір күрделі жағдайларда тығырықтан алып шығатын тапқырлығыңыз, жанқиярлық жауапкершілігіңіз бен табандылығыңыз бәрімізді қанаттандырады.

Сіздің өз ісіңіз бен парызыңызға адалдығыңыз, жауапкершілігі мол кәсіби шеберлігіңіз алдағы уақытта да геология саласындағы белгіленген мақсаттарға жетуіңізге жәрдемдесетініне нық сенімдіміз.

Әрдайым жаныңызда жанашыр достарыңыз бен сенімді серіктеріңіз болып, Сіздің ойларыңыз жемісін берсін!

Сізге мықты денсаулық пен отбасыңызға бақуатты тұрмыс тілейміз!

Құрметпен,

«Қазгеология» АҚ

Басқармасының Төрағасы Алмаз Абдыгалимов