Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіптік мереке – Геолог күнімен құттықтаймын!

2019 жылы ұлы геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуын атап өтеміз. Ол әр геолог үшін алып тұлға әрі асқақ азамат.

Аса көрнекті геологтың ізбасарлары ретінде күн сайын мың құбылып, өзгеріп отырған әлемдегі үрдістер мен бағыттарды бағдарлап, алға қарышты қадамдармен басамыз. Алға қойылған мақсаттар мен жоспарларды ескере отырып, 2019 жылды бүкіл әлемдегі сан алуан орасан зор өзгерістерді ескере отырып, маңызды кезеңдерге жол ашатын жыл деп айтуға болады.

Геологтар қазіргі әлемнің даму форматында төзімділікті, табандылықты талап ететін ауыр еңбекті таңдап алған  кәсіптің мамандары.

Сондықтан, Сіздерге ынталы ықылас, шамырқанған шабыт, таусылмас қуат тілеймін!

Сіздерге айрықша маңызы зор ашылымдар ашатын толағай табыстар тілеймін!

Бүгінгі күнгі қарбаласқа толы еңбектеріңіз халықтың ортақ игілігіне айналатын  жемісі мол нәтижелерге жеткізсін!

Барлық көздеген мақсаттарыңыз орындалсын!

Табыстан табысқа жетіңіздер! Зор денсаулық пен отбасы бақытын тілеймін!

Құрметпен,

«Қазгеология»  АҚ

Басқармасының Төрағасы

Алмаз Абдыгалимов